Бокс

Шарипова қазақ күресі жарыстарына қатыспақ

Шарипова қазақ күресі жарыстарына қатыспақ
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова қазақ күресі ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді.

БАҚ өкілдері қате ақпарат таратқаннан кейін, Фируза осындай шешімге келген.

«БАҚ беттерінде менің қазақ күресі бойынша кездесу өткізетінім туралы ақпарат шыққан. Бірақ мұндай жоспарымда болмады. Басылымдар менің Сингапурдағы бокс кешімді дұрыс түсінбеген, мұнда жәй ғана қазақ күресінің өкілдері де өнер көрсетеді. Бірақ бұл жаңалықты оқып, неге қазақ күресі бойынша жекпе-жек өткізбеске деген ой келді. Маған ұлттық күресіміз ұнайды. Жаттығу жасап, турнирлердің біріне қуана қатысамын. Маңыздысы, кәсіпқой бокстағы мансабыма кедергі келтірмесе болғаны», - деді Шарипова.

Фирузаның айтуынша, оның менеджері Сергей Завилейский қазақ күресі бойынша турнирлердің біріне қатысу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер