Сергей Ковалевтің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
<span>Жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ресейлік Сергей Ковалевтың кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.</span>
<span>Ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев келесі кездесуін америкалық боксшы Маркус Браунға қарсы өткізетін болды. Кездесу 23 маусым күні, Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарлануда. Алайда қос тарап жекпе-жектің нақты уақытын белгілеген жоқ.</span>
<span>Айта кетейік, Сергей Ковалев соңғы жекпе-жегінде Игор Михалкинді нокаутпен ұтқан болатын. Ал Браун шаршы алаңда 21 жекпе-жек өткізіп, 16 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или