Станимир Стоилов: Кімнің капитан болатынын әлі шешпедім

Станимир Стоилов: Кімнің капитан болатынын әлі шешпедім

Бүгін «Астана-Арена» стадионының баспасөз орталығында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоиловтың қатысуымен, Венгрия және Болгария құрамаларымен өтетін жолдастық кездесулер алдында баспасөз мәслихаты өтті.

- Кім команданың капитаны болады?

- Шешімді кейінірек қабылдайтын боламын. Дәл қазір командамда кімдердің негізгі құрамда ойнайтынын да білмеймін.

- Исламхан қазіргі уақытта ұлттық құрамаға көмектесуге дайын деп есептейсіз бе?

- Бауыржан өте жоғары деңгейдегі ойыншы. Дегенмен, әлі де жетілдіре түсетін жақтары бар. Мен де, менің бапкерлер штабым да оған көмектесетін боламыз. Исламханның мықты футболшы екеніне күмәнім жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 23 наурыз күні Будапешт қаласында Венгрия құрамасымен, 26 наурыз күні фельчут қаласында (Венгрия) Болгария футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или