«Ертістің» капитаны ардагер жанкүйермен кездесті

«Ертістің» капитаны ардагер жанкүйермен кездесті

«Ертіс» капитаны Руслан Есімов ардагер жанкүйер Анатолий Дмитриевич Шушкановты жаңа маусымның басталуымен құттықтады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

47 жыл бойы «Ертіске» қолдау көрсетіп келе жатқан Анатолий Дмитриевич «Орталық» стадион көрермендері арасында «Хоттабыч» лақап есімімен танымал. 

78-жасар Шушканов өз алаңымызда өтетін ойындарында әрқашанда халықты жігерлендіреді. Команда капитаны Руслан Есімов қарияға ұжым атынан жылы лебіздерін жеткізіп, оған маусымдық абонементті сыйға тартты. Зейнеткер клубқа жеңіс тілеп,  жанкүйерлерді ойынға келуге шақырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или