«Гамбург» командасы бас бапкерін қызметінен қуды
«Бавариядан» 0:6 есебімен ойсырай ұтылған соң «Гамбург» клубының басшылары команда бас бапкері Бернд Холлербахты қызметінен босатты.

48 жастағы неміс маманы «Гамбург» командасының тізгінін осы жылдың қаңтар айында ғана ұстаған еді. Алайда, жұмысын жақсы атқара алмағандықтан, аз уақыттың ішінде қызметінен айырылып отыр.

Команданы енді маусым соңына дейін клубтың жастар құрамасының жаттықтырушысы Кристиан Титц баптайтын болады.
«Гамбург» командасы Бундеслигада 26 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, 17-ші орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или