Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылар тізімі ертең жарияланады

Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылар тізімі ертең жарияланады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айының соңына қарай қос жолдастық кездесу өткізеді.

Станимир Стоилов шәкірттері 23 наурыз күні Венгрия құрамасымен, ал 26 наурызда Болгария футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Бас команданың жаңадан сайланған бас бапкері Станимир Стоилов осы кездесулерде ел намысын қорғайтын футболшыларды саралап жүр. Қазақстан Премьер лигасының алғашқы турының барлық ойындарын бапкерлер штабы толық тамашалаған көрінеді. Ал Стоиловтың өзі Алматыға арнайы келіп «Қайрат» - «Қызылжар» матчын алаңнан тамашалады.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында хабарлануынша, ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылар тізімі 13-14 наурыз күндері белгілі болады екен.

Бірақ, бұл тізім бапкерлер алқасының соңғы шешімі болмауы да мүмкін. 17 наурыз күні ел Чемпионатының екінші тур ойындары өткен соң, ұлттық құрамаға шықырту алатын футболшылар тізімінде тағы өзгерістер орын алатын болады.

Сөйтіп, футболшылардың алғашқы екі турдағы ойын мәнеріне қарап, жолдастық кездесулерге қатысатын құрам жасақталатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или