Марин Аничич: Команда өз алдына ылғи да жоғары мақсат қояды»

Марин Аничич: Команда өз алдына ылғи да жоғары мақсат қояды»

«Астана» қорғаушысы Марин Аничич СИА «SPORTINFORM» сайтының тілшісіне «Ақжайыққа» (3:0) қарсы өткізген кездесу туралы өз пікірімен бөлісіп, қарсыластарына алдағы маусымға сәттілік тіледі. 

<span>- Команданы бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Ең бастысы бүгін жеңіске жетіп, қажетті үш ұпайға қол жеткіздік. Бірінші таймда жақсы бастап, ойында есеп ашып, артынша аздап ойындағы бақылауды жоғалтып алдық. Ал екінші таймды жақсы бастап, артынша екі гол соқтық. </span>

- Бүгін оралдықтар қақпаларыңызға бір де бір гол соққан жоқ. Қарсылас команда ойынына қандай баға бересіз? 

<span>- Бүгін «Ақжайық» жақсы ойын көрсетті. Ол командада гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Алайда, сәтті пайдалана алмады. Менің естуімше оралдықтар сапында бірқатар жарақат алған ойыншылар бар. Олар өте жақсы командалық ойын көрсетіп, өте жақсы қорғана білді. Дегенмен, бұл небәрі алғашқы тур. Алдағы маусымға «Ақжайық» командасына сәттілік тілеп, алға қойған мақсаттарына жетулерін тілеймін. </span>

- Алдағы маусымнан не күтесіз? 

<span>- Әрине, осы маусымнан бірінші орын күтеміз. Біздің команда алдына ылғи да жоғары мақсаттар қояды. Сондықтан, сол мақсатқа жету жолында еңбектенуіміз қажет. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін барлығын қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. Әр кездесуде жеңіске жетуге тырысамыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или