Смақов өз командасын жеңіспен құттықтады

Смақов өз командасын жеңіспен құттықтады

«Ақтөбенің» бас директоры Самат Смақов қызылордалық «Қайсарды» жеңген жас футболшыларын құттықтады.

ҚПЛ-дың 1-ші турындағы «Қайсарға» қарсы матчқа «Ақтөбенің» жас футболшылары ғана аттанған болатын. Себебі команда қарыздарына байланысты легионерлері мен жаңа ойыншыларын тіркей алмады.

«Жігіттер, жеңіс құтты болсын. Сендерге сендім! Қуаныштан көзіме жас келіп тұр. Қызыл-ақ түсті отбасы. Сендермен мақтанамын. Жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын», - деп жазды Смақов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или