Бокс

Головкин: «Канело» кәсіпқой болса қандай тамақ жеуді білуі керек еді

Головкин: «Канело» кәсіпқой болса қандай тамақ жеуді білуі керек еді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альварестің допинг дауына байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы ESPN арнасы хабарлап отыр.

- Допингке қарсы агенттік «Канелоның» қанынан тыйым салынған дәрумен табылғанын мәлімдеді. Ал ол бұл жағдайды өз отанынан әкелінген етті жеуден болды деп түсіндіріп отыр. Егер шынымен сапасыз ет пен сүт тұтынудан туындаған мәселе болса, онда оның командасын кінәлаған жөн. Нағыз кәсіпқойлар өзінің қандай тамақ жеуі керек екенін білуі керек еді.

Осы қателіктерінің кесірінен олардың нашар имиджі қалыптасты. Адамдар оны спорттың тазалығына қарсы әрекет жасауда деп бағалайтын болады. Менің ойымша, бар айып оның командасында,- дейді GGG.

Естеріңізде болса, Головкиннің қарсыласы мексикалық Сауль Альварес допинг тесттен өте алмаған болатын. Ал боксшының өзі қанынан табылған дәрумен сапасыз ет жегеннен болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер