«Astana Arlans» ресейлік команданы оңай ұтты
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы екінші кездесуін «Patriot Boxing Team» командасына қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай - «China Dragons», Үндістан және Ресей - «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Отандастармыз алғашқы кездесуін «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен оңай ұтқан болатын.

Енді Ресейден келген қонақтарды 5:0 есебімен талқандап, өз тобында бірінші орынға шықып отыр.

Бүгінгі бірінші жекпе-жекте 56 келі салмақ дәрежесінде Ілияс Сүлейменов Василий Веткинді жеңген болатын.

Одан кейін шаршы алаңға шыққан Ділмұрат Мижитов ресейлік Константин Богомазовтан басым түсті (64 келі).

Үшінші болып өнер көрсеткен Нұрбол Алтаев пен Ровшан Ягубзаде жұбында да біздің отандасымыз жеңіске жетті (91).

Команда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, кездесу тағдыры шешіліп қойса да боксшыларымыз тізгін тартқан жоқ. Соңғы екі жекпе-жекте де қарсыластарын қапы қалдырды.

Біздің команда сапындағы ең тәжірибелі боксшылардың бір Әбілхан Аманқұл Ресейден келген Расул Алиевді еш қиналмай ұтты (75).

Ең соңғы болып белдескен ең жеңіл салмақтағы Теміртас жүсіпов Борис Сидоровтен айласын асырды (49).