Бокс

Головкин - «Канело» жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі

Головкин - «Канело» жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

5 мамырға белгіленген жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.

Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеевке Головкиннің өзі телефон арқылы хабарлаған.

"Қазір ғана Геннадий қоңырау шалып, 5 мамырдағы жекпе-жектің күні белгіленгенін айтты, ол Лас-Вегаста өтеді!", — деп жазды Тінікеев Facebook-тегі парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде өтті. Ол кезде 12 раундтық кездесу төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер