Ел не демейді ...

Ел не демейді ...

Естіген құлақта жазық жоқ!!!

Қүрылған күні:

28 желтоқсан 2017

Блог негізін салушы:

Қаракерей

23 ақпан 2018

Қадыровтың ұлдары жекпе-жекке шақырған қазақстандық балаға жауап берді

Қадыровтың ұлдары жекпе-жекке шақырған қазақстандық балаға жауап берді

Ахмад пен Адам Қадыровтар жекпе-жекке шақырған қазақстандық жауынгер Абай Тәжібайға жауап берді, - деп хабарлайды отандық басылымдар тілшісі.

«Біз сенің қандай спортшы екеніңді білмейміз, бірақ менеджерің жақсы екен. (...) Абай - сен нағыз еркексің. Осы қалпыңнан тайма. Егер тағдырға жазса, міндетті түрде шаршы алаңда кездесеміз, өмірде бауыр боламыз. Біздің Республикамызға кел, қонақтарға әрдайым дайынбыз», - деді видеода Ахмад Қадыров. 

Видеода балалардың жаттығу залында дайындық жүргізіп жатқаны түсірілген.  «Абай, мен сенің Қазақстанда өмір сүріп, біздің өнерімізді тамашалап жүргеніңе разымыз. Сенің ұсынысыңа қатысты, біріншіден біздің салмақ дәрежелеріміз әртүрлі, екіншіден сенің осы деңгейде ешбір өткізген жекпе-жегің, тәжірибең жоқ. Біздің клубқа кел, жаттығулар жасап, спарринг өткіземіз», - деді Адам Қадыров.  

Еске салайық, алматылық он жастағы Абай Тәжібай Шешенстан Республикасының басшысының ұлдары Ахмад пен Адам Қадыровқа жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс тастады.  Кейінірек тағы бір видео пайда болды, онда тай боксынан екідүркін чемпион атанған өзбек баласы отандасымызға ұсыныс тастаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.