Ресми: «Қайратқа» уругвайлық шабуылшы келді

Ресми: «Қайратқа»  уругвайлық шабуылшы келді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» командасы уругвайлық шабуылшы Уго Сильвейраны жалға алды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы футболшы «Қайрат» сапында 2018 жылғы маусымның соңына дейін өнер көрсететін болады.
Уго Сильвейра мансабында уругвайлық «Серре» және «Насьональ» командаларында өнер көрсеткен.

«Қайрат» клубы осыдан екі сағат бұрын жартылай қорғаушы Гай Ассулинмен келісімге келгенін мәлімдеген болатын. Сөйтіп, трансферлік терезе ашылғалы үн-түнсіз жатқан алматылықтар бір күнде екі легионерді қатарларына қосып отыр.

Уго Сильвейра

Позиция: шабуылшы

Туған күні: 23.05.1993 (24 жаста)

Бойы: 189 см

Салмағы: 78 кг

Азаматтығы: Уругвай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер