«Қайрат» «Барса» мен «Ман Ситидің» бұрынғы ойыншысын алды

«Қайрат» «Барса» мен «Ман Ситидің» бұрынғы ойыншысын алды
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай қорғаушы Гай Ассулин мансабын алматылық «Қайратта» жалғастырады.

Гай израильдік Хайфа қаласының «Хапоэль» түлегі саналады. Ол жас шағында испаниялық «Барселонаға» ауысып, 2009 жылы жазда лондондық «Тоттенхэмге» қарсы ойнаған. Кейін «Манчестер Сити», «Гранада» мен «Мальорка» сапында доп тепті.

Соңғы жылдары израильдік «Хапоэльде» өнер көрсеткен. Израиль жастар және ұлттық құрамаларында ойнады. Шабуылдаушы жартылай қорғаушымен келісімшарт екі жылға жасалған.

Гай Ассулин

Позиция: жартылай қорғаушы

Туған күні: 09.04.1991 г (26 жаста)

Бойы: 177 см

Салмағы: 61 кг

Азаматтығы: Израиль

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер