Альварес: Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін
![Альварес: Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content/a8cba654b531e32bb9f9780d27478aaa.jpg?v=28701367)
Мексикалық боксшы Сауль Альварес орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.
«Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуіміз әбден мүмкін. Бірақ алдымен екінші кездесудің қалай өтетінін көруіміз керек. Головкинмен бірінші жекпе-жектен соң реванш туралы көп әңгіме болды. Көрермендерге алдағы жекпе-жек ұнайды деп үміттенемін», - деді Альварес.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварестің рематчы 5 мамырға жоспарланған. Былтыр 16 қыркүйекте өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Алайда көптеген бокс сарапшылары мен көрермендер бұл кездесуде Головкин ұтты деген пікірде.