Бокс

Бейбіт Шүменов елімізде кәсіпқой боксты дамытуға ниетті

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменов елімізде кәсіпқой бокстың дамуына өз үлесін қоспақшы, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

«Олимпиада ойындарына әр салмақтан бір боксшыдан ғана бара алады. Ал қалған екінші, үшінші не төртінші нөмірлі ұлттық құрама спортшылары соқыр үмітпен жылдарын босқа жоғалтып жатыр. Сондықтан жерлестерімді жаппай кәсіпқой боксқа шақырамын».

Үлкен спортқа қайта оралған Бейбіт Шүменов бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, осындай пікірін алға тартты. Айтуынша, кәсіпқой бокстың қыр-сырын көпшілік біле бермейді. Осы мақсатта ол промоутерлік компания құрып, қазақстандық былғары қолғап шеберлерін төрткүл дүниеге танытумен айналыспақ. Бұған қоса жас боксшыларды дайындайтын арнайы мектеп ашатындығын жеткізді.

34 жастағы Бейбіт өзі де қазір нағыз бабында. Сәтін салса, биылдан қалдырмай рингке шығуды жоспарлап отыр. Ал болашақта ауыр салмақтағы тағы бір белдікке таласудан үміті бар.

Бейбіт Шүменов, әлем чемпионы (WBA super, WBA regular): – Кәсіпқой бокстан кетіп, қайта оралды деген қате шығар. Спорттық мансабыма үлкен үзіліс қажет болды. Оған бірнеше себеп те бар. Ең бастысы – қазір физикалық та, психологиялық та бабым жақсы. Келесі кездесуім төңірегінде келіссөзді бастап кеттік. Қос салмақ бойынша рингке шығуды жалғастыра беремін және әлемнің ең мықты боксшыларына қарсы тұруға дайынмын.


Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер