русский язык

Жерар Гоу «Қайратқа» қайта оралмақ

Жерар Гоу «Қайратқа» қайта оралмақ
news-banner7
mobile-news-top

Өткен маусым аяқталысымен «Қайрат» клубынан кеткен ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу алматылық командаға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы мен оның агенті «Қайрат» клубымен келісімге келуге дайын көрінеді.

Кейбір дереккөздер Гоу алматылық командада жылына екі миллион еуро көлемінде айлық алып тұрғанын жазған.

Былтырғы маусым аяқталысымен «Қайраттан» кеткен Гоу еркін агент ретінде жаңа команда іздеген. Алайда әлі күнге дейін ешбір клубпен келісімге келе алмады. Өз кезегінде «Қайрат» та Қазақстан біріншілігінің соңғы үш маусымында үздік сұрмерген атанған шабуылшыны алмастыра алатын ойыншы таба алған жоқ.

Гоу мен алматылық команда келісімге келіп жатса шабуылшы 23-қаңтарда басталатын «Қайраттың» Түркиядағы жиынына келіп қосылуы тиіс.

Бүгін Жерар Гоу өзінің инстаграм парақшасында: «Жігіттер, сендерді сағынып жүрмін. Командамда бәрі жақсы болады деп ойлаймын. «Қайрат» осы маусымда чемпион болуы қажет. Біз – біргеміз!», - деген жазба қалдырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;