«Астананың» футболшысы Хорватияда жеңімпаз атанды

«Астананың» футболшысы Хорватияда жеңімпаз атанды

«Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов өз отаны Хорватияда футзалдан қайырымдылық турниріне қатысты.

Сплитте өткен турнирдің финалында Томасовтың командасы 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал Томасов жарыста төрт гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Айта кетейік, турнирге Роберт Просинечки, Стипе Плетикоса, Дарио Шимич, Дадо Пршо, Ивица Олич сынды атақты хорватиялық футболшылар қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или