Семейде күтпеген жағдай: «Елімай» жеңісті қолдан шығарып алды

Семейде күтпеген жағдай: «Елімай» жеңісті қолдан шығарып алды

«Елімай» Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында өз алаңында «Каспий» клубынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Семей қаласындағы Спартак стадионында өтті. Бірінші таймда алаң иелері басым ойнағанымен, гол соға алмады. Үзілістен кейін ақтаулық команда шабуылды үдетіп, қауіпті сәттерді жиілетті.

Матчтағы жалғыз гол 77-минутта соғылды. Ноа Ндомбаси қақпашымен бетпе-бет шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. 

Айта кетелік, нәтижесінде «Каспий» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.

АПЛ: «Ливерпуль» — «Челси» матчының тікелей трансляциясы




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или