Жезқазғандағы матч тең нәтижемен аяқталды

Жезқазғандағы матч тең нәтижемен аяқталды

Жезқазғанның «Ұлытау» клубы ҚПЛ-дың 9-туры аясында өз алаңында алматылық «Қайратпен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қонақтар сапынан есепті 33-минутта Дастан Сатпаев ашты.

Екінші таймда алаң иелері таразы басын теңестірді. Бұрыштамадан асырылған доптан кейін Максим Чалкин баспен дәл соққы жасап, гол авторы атанды.

Тоғыз турдан кейін «Қайрат» 22 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал «Ұлытау» 15 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Келесі турда «Ұлытау» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдайды. Ал «Қайрат» Астанада «Жеңіспен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или