Обамеянг тәртіпсіздіктен кейін «Марсель» құрамынан тыс қалды
«Марсель» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг клуб базасындағы оқиғадан кейін команда құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Франция чемпионатының 33-туры аясындағы Гавр клубына қарсы сырт алаңдағы матчқа Обамеянг қатыспайды. Бұған команда базасында болған тәртіпсіздік себеп болған.
Мәлімет бойынша, бірнеше ойыншы Обамеянгтың бастауымен клубтың бірнеше күн бойы база аумағында жаттығу өткізуіне наразылық білдірген. Оқиға барысында әкімшілік қызметкерлерінің біріне өрт сөндіргіш шашылған.
Кейін Обамеянг клуб басшылығы мен зардап шеккен қызметкерден кешірім сұрағанымен, бұл оны жазадан құтқармады.
Айта кетелік, биылғы маусымда 36 жастағы шабуылшы 40 матч өткізіп, 13 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или