«Астана» 2:1 есебімен жеңісті қолдан бермеді

«Астана» 2:1 есебімен жеңісті қолдан бермеді

«Астана» Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Қызылжар» клубын қабылдап, ауыр матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Астана Арена стадионында өтті. Бірінші тайм тең дәрежеде өтіп, командалар есеп аша алмады. Екінші таймның басында Юрий Перцух қонақтарды алға шығарды.

Алайда көп ұзамай алаң иелері камбэк жасап, Ян Вороговский мен Карло Бартолец гол соқты. 

Айта кетелік, нәтижесінде «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или