Моуринью «Реалға» қайта оралуы мүмкін

Моуринью «Реалға» қайта оралуы мүмкін

«Реал Мадрид» клубы жаңа бас бапкер қызметіне негізгі екі кандидаттың есімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтік клубтың УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалынан шығып қалуынан кейін басшылық бірнеше маманның кандидатурасын қарастырған. Тізімде Юрген Клопп, Маурисио Почеттино, Дидье Дешам, Лионель Скалони және Жозе Моуринью болған.

Қазір клуб басшылығы таңдауды екі маманға дейін қысқартқан. Негізгі үміткер ретінде Жозе Моуринью қарастырылып отыр.

Ал қосалқы нұсқа ретінде Франция құрамасынан әлем чемпионатынан кейін кететін Дидье Дешам аталады.

Айта кетелік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Моуринью мен «Реал» арасында тікелей келіссөздер жүргенін хабарлаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или