Түркия чемпионы ЧЛ-2026/27 маусымының жолдамасын алды
9 мамыр күні «Галатасарай» өз алаңында «Антальяспорды» 4:2 есебімен жеңіп, Түркия чемпионы атанды және Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының негізгі кезеңіне шыққан 16-команда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін келесі маусымдағы Чемпиондар лигасына «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Барселона», «Реал», «Вильярреал», «Атлетико», «Интер», «Бавария», Дортмундтың «Боруссиясы», «РБ Лейпциг», «ПСЖ», «Ланс», ПСВ және «Порту» жолдама алып қойған.
Аталған командалар Англия, Испания, Италия, Германия, Франция, Нидерланд пен Португалия чемпионаттарының атынан қатысады.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде барлығы 36 клуб өнер көрсетеді. Қазіргі таңда тағы 20 қатысушының есімі анықталған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или