«Ордабасы» Өскеменде ұпай жоғалтты
ҚПЛ-дың 9-туры аясында өскемендік «Алтай» өз алаңында шымкенттік «Ордабасымен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өскемендегі «Восток Аренада» өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Матч барысында қонақтар қақпа бағытына үш соққы жасады. Ал алаң иелері қарсылас қақпасы маңында бір қауіпті сәтпен ғана көзге түсті.
Тоғыз турдан кейін «Ордабасы» 19 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Шымкент клубы келесі ойынын 13 мамыр күні өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» қарсы өткізеді.
Ал бес ұпайы бар «Алтай» чемпионат кестесінің соңғы сатысында келеді. Келесі турда өскемендік команда сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или