«Ақтөбе» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті
ҚПЛ-дың 9-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы гол 49-минутта соғылды. «Ақтөбе» қорғаушысы Иван Ордец баспен соққы жасаған сәтте «Қайсар» шабуылшысы Әлияр Мұхамед допты өз қақпасына бағыттап алды.
Екінші гол 89-минутта тіркелді. Бұл жолы Артур Шушеначев мергендігімен көзге түсті. Ал матчтағы соңғы гол Саламат Жұмабековтың автоголынан кейін соғылды.
Тоғыз турдан кейін «Ақтөбе» 13 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орында тұр. Ал «Қайсар» 6 ұпаймен 15-сатыда орналасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или