Қазақстандық спортшы комаға түсті

Қазақстандық спортшы комаға түсті
Петропавлда кикбоксингтен өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде жарақат алған Азамат Досымбай облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
21 жастағы астаналық спортшының бас сүйегіне екі рет ота жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы мүшкіл. Кикбокс жарысында Азамат Досымбай финалған дейін жетіп, 54 келіде күміс жүлдегер атанды.

Бірақ ақтық айқас Азамат үшін кенеттен аяқталды. Жігіт нокаутқа түсіп,
марапаттау кезінде әрең тұрды. Арада бір жарым сағат өткен соң есінен танып ауруханаға жеткізілді.
«Оның денсаулығына жарыстағы соққылар әсер етті ме әлде басқа нәрсе ме айта алмаймын.

Бірақ қазылар алқасына қоятын еш кінә жоқ. Олар дұрыс төрелік етті», - деді СҚО-дағы спорт басқармасының басшысы Руслан Есенәлин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или