Бокс/Күрес/ММА

MMA спортшысы келісілген жекпе-жек үшін сотталды

news-banner7
mobile-news-top

Келісілген жекпе-жек 2015 жылы Сеульде өткен. Тэ Хюн Банг америкалық Лео Кунецпен кездесті. Жекпе-жектің алдында америкалықтың жеңісіне берілген коэффициент төмендеп кетті. Бұл бірден күдік тудыртқан. Алайда, жекпе-жекті кореялық спортшы жеңіп алды.

Матч алдында букмекерлер Бангке жекпе-жекте жеңілуді ұсынған. Ал Кунецтің жеңісіне 2 миллион доллар бәс тігілгендіктен, коэффициент тым төмендеп кетті. Банг болса, кездесуді «бере салғаны» үшін 88 мың доллар алған. Ол да ақшасының жартысын қарсыластың жеңісіне қойған.

Коэффициенттердің ауысуы UFC-дің назарын аудартып, олар Бангті шақыртқан. Нәтижесінде кореялық таза жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Кореялық сот Тэ Хюн Бангті пара алғаны үшін он айға қамады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер