Бокс

Канело: Биыл жекпе-жек өткізбеймін

news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес биыл ешбір жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді.

«Биыл жыл соңына дейін демаламын. Егер реванш болып жатса, ол келер жылдың мамыр немесе қыркүйек айлары болады. Оның нақты қашан өтетінін айта алмаймын, бір ғана нақты білетінім - Канэлоның дәуірі келді», - деп атап өтті бүгін Геннадий Головкинмен айқасынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Альварес.

Еске салайық, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек тең аяқталды. Геннадий Головкин алғаш рет қарсыласымен тең түсті. Соған қарамастан, GGG барлыық белбеулерін (WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша) сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екенін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер