Футбол

Жанкүйер: «Астананы» құлақтан сүйрегенді доғарыңдар! (Видео)

Жанкүйер: «Астананы» құлақтан сүйрегенді доғарыңдар! (Видео)
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ-ның 26-шы турының «Қайрат» пен «Қайсар» кездесуінің алдынды келеңсіз жағдай болды.

Жүргізушіден микрафон алған алматылық клубтың жанкүйері Қазақстан құрамасының бапкері Александр Бородюк мырзаға кет деп үндеу тастады. Ол ҚФФ президенті Сейділдә Байшақов пен Қаныш Аубакировке «Астананы» құлағынан сүйрей бергенді доғарып, ел чемпионатының әділ өткізуін сұрады.

Сонымен қатар, ашулы азамат Қазақстан футболындағы парақорлық пен әділетсіздік жайлы пікір білдірді. Ал сөз соңына қарай, ұйымдастырушылар микрафонды өшіріп тастады.

Назарларыңызға сол бейнетаспаны ұсынамыз.

Естеріңізге салайық, кеше елордалық клуб «Атырауды» 7:0 есебімен тас-талқан етті. Нәтижесінде, ел чемпионатының турнир кестесінде «Астана» клубы 60 ұпаймен көш бастап тұр.

Видеоның авторы: әуесқой түсірілім

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер