Ел не демейді ...
Футбол

Жерар Гоу «Қайратта» қанша алады?

Жерар Гоу «Қайратта» қанша алады?
news-banner7
mobile-news-top

Сербиядағы «Спортски журнал» басылымының сайты «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы «айына 100 мың доллар жалақы алады» деп жазды.

Аталған басылымның хабарлауынша, Белградтың «Партизаны» шабуылшы іздеп жүрген көрінеді. Өйткені, Урош Джурджевич Грекияның «Олимпиакос» клубына ауысып кеткен. Енді бейсенбіге дейін басқа сұрмерген келуі керек екен. Себебі, бұл елдегі трансфер кезеңі ертең түнде жабылады. Сербия басылымның мәлімдеуінше, Белград клубы «Қайраттың» сапында ерекше көзге түсіп жүрген Жерар Гоуға қызығушылық танытқан. Алайда, «Спортски журнал» бұл шабуылшы «Партизанға» ауысады дегенге сенбейді, күмән келтіреді. Себебі «Гоу Қазақстанда айына 100 мың доллар ақша алады, Алматы клубы оны сатып жібергісі келсе де, оның мұндай жалақыдан бас тарта қоюы екіталай» деп жазады.

Бұдан әрі «Қайраттың» «қанша қарымақы сұрайтындығы да белгісіз» деп, атап өткен.

Айта кетейік, Жерар Гоу.биылғы маусымда Қазақстан премьер-лигасында 24 ойын өткізіп, 17 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер