Альварес кіші Чавесті он екі раундта жеңді

Альварес кіші Чавесті он екі раундта жеңді

Мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп қалды. Он екі раундқа созылған кездесуде Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

Алғашқы раундтардан-ақ  Альварес басымдыққа ие болды. Қарсыласын рингтің әр бұрышында қыспаққа алды. Бірақ кіші Чавес те кей сәттерде қарымта шабуылға шығып, бір-екі соққыларымен көзге түсіп жатты. Екінші және үшінші раундтар бірқалыпты өтті деуге болады. Екі боксшы да тәуекелге көп бара қоймады. Ал төртінші раундта «Канело» жойқын соққыларын іске қоса бастады. Рингті айнала қуып,  сәті келсе жұдырығын жұмсады. Бірақ бұл да жекпе-жекті ерте аяқтауға жеткіліксіз болды. Алтыншы кезеңде екі боксшы да белсенділік танытпады. Бірақ Альварестің комбинациялық  соққылары дөп тиіп жатты. Жетінші раундта кіші Чавес бірнеше рет қарсыласын соққының астына алып көрмек болған. Бірақ «Канелоға» бұл соққылар дарымады.

Он бірінші раундқа дейін айтарлықтай ештеңе өзгермеді. Екі боксы соққы алмасып, қалыпты бокс көрсетті. Соңғы раундтарда кіші Чавес белсенді қимылға көше бастады. Бірақ ара-тұра Альварес комбинациялық жойқын соққыларын жұмсап, қарсыласының шабуылын қайтарып отырды. Соңғы раунд та осылай аяқталды. Екі боксшы тарпанан да кездесу соңында белсенді қимыл байқалмады. 

Айта кету қажет, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де осы жекпе-жекті тамашалады. Бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Леффлер осы кездесуден кейін қыркүйекте өтуі мүмкін бокс кеші жайлы талқылауы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. 

3933dd9ea094fa96d4139595f782c8ab.jpg97eaec95e4e0a4db91185795123471fa.jpg

Естеріңізге сала кетейін, Альверестің промоутері осы кездесу сәтті аяқталса, қыркүйек айында Головкинмен кездеседі деп айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или