Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет әлемдік Гран-при жарысының финалына шықты

Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет әлемдік Гран-при жарысының финалына шықты
<p style="text-align: justify;"> <b>Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Колумбия құрамасын жеңіп, Гран-придің финалына шықты.</b></p> <p style="text-align: justify;"> Жартылай финалда кездескен екі құрамаға 5 сет ойнауға тура келді. Алғашқы екі сетте басым түскен Қазақстан құрамасының қыздары өз жанкүйерлерінің алдында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Колумбия құрамасы финалға шығу мүмкіндігінен айырылып бара жатқанын үшінші сеттің басында ғана сезген болу керек, бірден барын салып ойнай бастады. Үшінші сетті өз есебіне жазып, төртінші сетте де жеңіске жетті. Ойын тағдыры тай-брейкте шешілді. Ұлттық құраманың қыздары жеңіске бастар жолды жаңылмай тауып, финалға шықты.&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;"> Үшінші орын үшін болатын ойында Перу мен Колумбия кездессе, финалда Қазақстан құрамасына Хорватия қарсы тұрмақ.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или