Қазақстан құрамасы әлемдік Гран-приде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы үш партияда әлемдік Гран-придің үшінші тобында алдын ала кезеңнің екінші матчында Алжир командасын тізе бүктірді.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Вячеслав Шапранның шәкірттері үш партияда да алаң иелерінен басым түсті. Партиялар бойынша қорытынды есеп 25:17, 25:13, 25:5 - қазақстандық қыздардың пайдасында. Қазақстандық команданың құрамындағы ең нәтижелі ойыншылар: Екатерина Жданова (10 ұпай), Радмила Береснева және Людмила Андарбаева (7 ұпайдан).

Қазақстандық волейболшы қыздар осы жолғы әлемдік Гран-приде алғашқы жеңіске қол жеткізіп, үш ұпайға ие болды.

Еске сала кетейік, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Перуге жол берген болатын. Перуандықтар екінші күні Мексиканы жеңіп, топ бастады.

5 маусымда Қазақстан Мексикамен ойнайды, ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Әлемдік Гран-при Алдын ала кезең, 3-ші топ, Алжир

Перу - Мексика 3:0 (25:16, 25:16, 25:13)

Алжир - Қазақстан 0:3 (17:25, 13:25, 5:25).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или