Убалдо Прукер: «Спорт федерациялары Универсиаданы өткізуде мол тәжірибе жинайды»

Халықаралық кеңесші, 2013 жылғы Трентино қаласында өткен қысқы Универсиаданың спортық директоры Убалдо Прукер Қазақстанның спорт федерациялары Универсиаданы өткізуге атсалысу арқылы, мол тәжірибе жинайтынын айтады.

«Қазақстанның ұлттық спорт федерациялары Универсиадаға қызығушылық танытуы қуантарлық жағдай. Бұл өте маңызды. Олардың қысқы ойындарды өткізуге атсалысудағы мақсаты, мол тәжірибе жинап, Универсиададан қалған мұраны болашақ жарыстарға қалдыру деп ойлаймын»,-дейді Убалдо Прукер.

Сондай-ақ, 2013 жылғы Трентино қаласында өткен қысқы Универсиада спорт директоры Убалдо Прукер, қысқы Универсиада нысандарының дамып жатқанын тілге тиек етті.

«Барлық нысандар анықталған және құрылыс және жарықтандыру жағынан даму үстінде. Бұл өте маңызды. Қазіргі таңда далада өтетін спорт түрлеріне көңіл бөлу керек. Өйткені, бұл спорт түрлері ауа-райына бағынышты, сонымен қатар жарықтандыруды талап етеді»,-деді Убалдо Пракер.

Айта кету керек, Алматыда 1 мамырдан бастап, FISU бақылау кеңесінің сапары өтуде. FISU өкілдерінің қызметтік сапары барысында, Алматы қаласының Универсиадаға дайындығы бағаланбақ.

almaty2017.com сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или