Сириялық босқын қыз Бразилиядағы Олимпиада алауы эстафетасына қатысады

Сириялық босқын қыз Бразилиядағы Олимпиада алауы эстафетасына қатысады

Сириялық босқын отбасынан шыққан 12 жастағы Ханан Халед Дакка есімді қыз Бразилиядағы Олимпиада алауы эстафетасына қатысады, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы жексенбі күні алдағы тамыз айында Рио-де-Жанейрода өтетін басты сайысты ұйымдастыршылар хабарлап отыр.

«Сириялық босқын қыздың отбасы елдің солтүстік-шығысындағы Идлиб қаласында өмір сүрген. Онда азаматтық соғыс болды. Осыдан кейін олар Иорданияға өтіп, кейін Бразилияға келген. Бұл күнде Сан-Паулу қаласына тұрақтады. Қазіргі уақытта қыздың анасы тағы бір баланың дүниеге келуін күтіп отыр», - делінген «Рио-2016» ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.

Бразилиядағы Олимпиада ойындарының эстафетасын ашу құрметі волейболдан ұлттық құрама спортшысы, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Фабиана Клаудиноға берілген.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или