Ержан Естанов Қытайда жергілікті «Кунг-фу монахты» жеңді

Ержан Естанов Қытайда жергілікті «Кунг-фу монахты» жеңді

Кәсіби панкратионнан әлем чемпионы, ММА спортында ел абыройын асқақтатып жүрген қазақстандық спортшы Ержан Естанов Қытайда өткен «Art of War» турнирінде жергілікті спортшы Лю Ленджені жеңді.

«Кунг-фу монах» деген атпен танымал қытайлық спортшы Ержанға қарсы жекпе-жекте қарсылық таныта алмады. Ширақ қимылдап, бірінші нөмірмен өнер көрсетуге тырысқан Лю Лендже тәжірибелі қазақстандық спортшының қапысын табуға тырысты. Ал оңайлықпен есесін жібермейтін Ержан өз жоспарын сәтті жүзеге асыра білді. Қарсыласының қателігі мен осал тұсын дәл бағамдап, соққыларын дарыта білді. Нәтижесінде төрешілер отандасымызды бір ауыздан жеңімпаз ретінде таныды.

massaget.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или