Олимпиада ойындарына билеттерінің тең жартысынан астамы ғана сатылған

Олимпиада ойындарына билеттерінің тең жартысынан астамы ғана сатылған

Бразилия елінде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына билеттердің 62%-ы ғана сатылған, ал дүбірлі доданың басталуына 100 шақты күн қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Әлемнің әр бұрышынан келетін спортшыларды биыл Оңтүстік Америка өз жерінде алғаш рет қабылдамақ. Алайда Рио-де-Жанейроның Олимпиаданы өткізуге дайындығы төңірегінде талас-тартыс та жоқ емес.

Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Бразилияға Олимпиада алауын тапсыру салтанаты дәстүр бойынша Афинада өтті. Себебі қазіргі заманғы ойындар 120 жыл бұрын дәл осы жерде басталған.

Риодағы Олимпиада ойындары 5 тамыз күні басталады. Бұған дейін сарапшылар Бразилияның дайындығына күмәнмен қараған. Бірақ бүгінде ойын өтетін нысандардың барлығы дерлік спортшыларды қабылдауға әзір. Ендігі мәселе қауіпсіздікте. Алаңдауға басты себеп – бірер күн бұрын толқынға шыдас бермей құлаған велоспортшылар жолы. Оқыс оқиғадан 2 адам қаза тапты. Бұл жағдай бразилиялықтардың көңіліне айтарлықтай қаяу салған.

«Ойланып көріңіз, опырылған велотректі салғандар Олимпиада ойындары өтетін үлкен стадион құрылысына да қатысқан. Енді олардың күшті желге немесе кез-келген оқыс оқиғада қауіпсіз екеніне қалай сенеміз?», - дейді Педру Тенгроуз, Спорттық маркетинг жөніндегі маман.

Бұған дейін екпінді дамып келе жатқан Бразилия экономикасы соңғы уақытта тоқырауға ұшырады. Дағдарыс салдарынан кейбір спорт түрлерін өткізуге арналған уақытша нысандардың біразы қасқартылған. Қаржыны үнемдеу тіпті спортшылар тұратын үйлерге салқындатқыш орнатпауға дейін жеткен.

«Олимпиада ойындарының басталуына 100 күн бұрын қажетті нысанның басым бөлігін тапсырғанымызды мақтан етемін. Бірақ кей мәселе төңірегінде шешімін таппаған түйіндердің бар екенін де жасырмаймын», - дейді Эдуард Паеш, Рио-де-Жанейро мэрі.

Олимпиада ойындарына дайындықтың өз дәрежесінде өтуіне ел басшыларының айналасында туындаған даулы мәселелер кері әсерін тигізген. Оның үстіне аймақты жайлаған Зика безгегі тағы бар. Осының бәрі ойынды тамашалауға келушілердің көңіліне үрей ұялатып, билетке деген сұранысты азайтты. Мәліметтерге қарағанда билеттердің небары 62%-ы ғана сатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или