Рыпакова марафонға қатысатындарға қалай дайындалу керектігін түсіндірді

Рыпакова марафонға қатысатындарға қалай дайындалу керектігін түсіндірді

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова марафонға қатысатын жұлдыздарға қалай дайындалу керектігі туралы кеңес берді.

«Ең алдымен сіздерге ерте ұйықтауға кеңес беремін. Ертең тыныққан көңіл күймен тұру керек. Аяққа жаңа болмаса да ыңғайлы аяқ киім киіңіздер. Әр дистанцияға жеткен сайын ауыз су ішіп отырыңыздар. Өйткені, алыс қашықтықта ағзаны сусыздандыруға жол бермеу керек. Сосын бір үш күн бұрын майлы, ет тағамдарынан бас тартқан жөн. Ағзаға беретін қорегі мол салат, жармалар жеу керек. Сондай-ақ, құс етін жеуге болады. Марафоннан 4 сағат бұрын макарон өнімдерін жеген жөн. Өйткені макаронда көмірсутек көп болады. Ол ағзаға қуат береді», - деді О.Рыпакова.

Спортшы ертең болатын шараға Олимпиада комитетімен келісілген контрактіге байланысты қатыспайтын болды. Алайда, ол жұлдызды команданы қолдауға келеді.

Ертең болатын Алматы марафонына Қайрат Нұртас, Нұртас Адамбай, модель Айя Шалқар, блоггер Жанна Ильичева қатысатын болды. Олар шама шарқы жеткенше 5 шақырымнан бағындыруға үміттеніп отыр. Ең соңғы болып мәре сызығына «Тұран» ауыз суының бөтелкесі жететін болды. Оны кім алып жүгіретіні әлі белгісіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол да белгілі жүйріктердің бірі.

Сондай-ақ, қалалық ІІД қатарынан 65 полицей де қажетті қашықтықты жүгіріп өтеді.

Айта кету керек, Алматы марафоны ертең 7:00-де басталады. Биылғы спорттық шараға 5, 10, 7.5, 42 шақырымдық қашықтықтармен қатар «Скандинав жүрісі» дисциплинасы енгізіледі.

Қайырымдылық шарасына түскен ақша АРДИ мүмкіндігі шектеулі ата-аналар қауымдастығына қажетті медициналық құрал-жабдық сатып алуға жұмсалатын болды.

Ертең әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан, Шығыс айналма жолының батыс жағынан және Абай даңғылының оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы үшін жартылай жабылады. Сейфуллин даңғылы Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылдары аралығында автокөліктер үшін толықтай жабық болады. Жарыс ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы барысында осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или