Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Тыр жалаңаш суретке түсуге тыйым сала алмаймыз ғой»

Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Тыр жалаңаш суретке түсуге тыйым сала алмаймыз ғой»

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық жеңілатлет Татьяна Корбалинаның тыр жалаңаш күйде фотосессияға түсуіне қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, ол өзін осылай көрсетпекші болған. Егер Ольга Рыпакова мұндай қадамға барса, біз қоғам болып бұған пікірталасуымыз керек. Бірақ маңызды шараға дайындалып жатқан спортшылардың фотосессияға түсуге уақыты жоқ. Шынымды айтсам, олар түнде шаршап келіп, таңертең қайтадан жаттығуға кетеді. Олар осылайша алға жүреді... Қыздардың өзін көрсету үшін жалаңаш шығуы өте көп кездесіп жатады», - деді ол Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, спортшы қыз өзінің дұрыс әрекетке бармағанын түсініп үлгерген.

«Дегенмен ол мақсатына жетті. Өзінің әдемі денесін көрсеткісі келген шығар. Тыйым сала алмаймыз ғой», - деді Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын ғаламтор желісінде қазақстандық жеңілатлет Татьяна Корбалинаның тыр жалаңаш түскен фотосессиясы жарияланған болатын. Дегенмен спортшы мұндай қадамға жеңіл атлетикадағы мәселелерге назар аудару мақсатында барғанын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или