Көкшетаулық «Оқжетпес» ұлттық лиганың чемпионы атанды

Көкшетаулық «Оқжетпес» қыздар баскетбол клубы ұлттық лиганың чемпионы атанды.

Таяуда Щучье қаласында жергілікті «Оқжетпес» елорданың «Тигр» командасымен алтын жүлде үшін сайысты.

ҚазАқпараттың мәліметі бойынша, алғашқы ойында оқжетпестіктер елорданың баскетболшы қыздарына 75:85 есеп айырмасы бойынша есе жіберіп алды.

Ал, қарымта ойында 86:82 есебімен «Оқжетпес» ойыншылары басым түсті. Соңғы қорытынды ойын 92:72 есеп айырмасымен көкшетаулық спортшылардың пайдасына шешілді. Осылайша тартысты ойында жеңіске жеткен «Оқжетпес» ұлттық лиганың чемпионы атанды.

Маусым қорытындысы бойынша «Оқжетпес» клубының капитаны Евгения Спитковская үздік шабуылшы, Алина Ягупова үздік ойыншы атанды.

Қазіргі кезде оқжетпестіктер 8-10 сәуір күндері Мариамполь қаласында өтетін «Балтық лигасы» турниріне дайындығын бастап кетті.

Сонымен қатар, Павлодардың «Ертіс» командасынан басым түскен Ақмола облысының құрамасы үшінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или