Илья Ильин Талғат Ермегияевті қолдау үшін сотқа келді

Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық іс қаралып жатқан сот залына жиналғандар арасында қазақстандық спортшы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин де бар, деп хабарлайды NUR.KZ сайты.

«Талғат Ермегияевті жақсы қырынан танимын. Іске қатысты ештеңе айта алмаймын, тек оның жақсы адам, жақсы басшы екенін ғана айтар едім. Спортта жүргеніме 22 жылдың жүзі болды, ол секілді басшылар саусақпен санарлық. Бұл жағдай мені қатты қынжылтты. Лондонда өзіне жүктелген міндетті ол мінсіз орындап шықты, бұған баршамыз куәміз және 13 медаль еншілеген құрамамызды мақтанышпен қарсы алған едік. Бұл жайтқа қатысты қандай да бір мәлімдеме жасағалы жатқан жоқпын, жай-жапсарын құзырлы органдар анықтасын», - деді Илья Ильин.

Сотталушы ретінде залда отырған Сергей Ильинге қатысты сауал қойғанымызда спортшы ол екеуінің туысқан емес екенін, бар болғаны тегі бір екенін мәлімдеді.

«Мен тек Талғат Ермегияевке қолдау көрсету үшін ғана келдім, Ильинге ешқандай қатысым жоқ. Куәгер ретінде келгенім жоқ», - деп нақтылады Илья Ильин.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ЭКСПО-2017»ҰК» бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды. Ұлттық компанияның экс-басшысына ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или