Қысқы Универсиада Қазақстанға не береді?

Қысқы Универсиада Қазақстанға не береді?

Елдің атын әлемге таныстырып, байрағын желбіретіп, әнұранын естіртетін басты оқиға спорт екені түсінікті. Ал сол спорттық бәсеке біздің елде болса ше? Онда еліміздің аты еселене естіліп, асқақтай түсерін қалай жоққа шығарамыз? Сондықтан ауқымы кең спорттық шараларды өткізетіндей мүмкіндік туып, ел ахуалы көтеріп жатса, қос қолдап қолдау көрсеткеніміз дұрыс-ақ.

Бұл, әсіресе, әлемге енді танылып келе жатқан Қазақстан сияқты жас мемлекеттерге өте қажетті шара. Алдымызда келе жатқан жылда ел абыройын көтеретін EXPO мен қысқы Универсиада өтеді. Қысқы Универсиадаға кеңінен тоқталайықшы. Бұл шара бұрынғы Кеңес елдерінің ішінде бірінші болып біздің елімізде өтеді. Оның өзі абыройымызға тікелей әсер етеді. Қысқы Универсиаданың Қазақстанға не беретінін сөз етейік. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, Универсиаданың да пайдалы және кереғар тұстары болар. Кері тұсы қаржыға кеп тірелері анық қой. Десе де, сіз бен біз сол қаржыдан болатын салқындықты сезініп, қазіргіден кем болып қалмайтынымыз белгілі. Басқаша айтқанда, Универсиада өткізбесек, жарлылар байып, байлар шетел асып кетпесі де белгілі. Сол қаржының басым бөлігі спорттық нышандардың құрылысына кетеді. Ал VII қысқы Азия ойындарына байланысты біраз нышандардың бой көтеріп қойғанын ескерсек, Универсиадаға дайындықтың аз да болса бар екені, қаржыдан үнем болатыны түсінікті болады. Ал Универсиадан кейін Алматымыз қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге мүдделі елдердің қатарында озық тұратынына сенуге негіз туады. Қазақстанда қысқы спорт түрлері кенжелеп қалғаны, қысқы Олимпиада ойындарында көш соңынан орын алғанымыз тағы бар. Оған көп себептің бірі дайындалу нысандарының жоққа жақындығы болса, Универсиада үшін тұрғызылған спорт нышандары осы жоқтың кетігін толтырар еді. Сондай-ақ, жаңадан өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің спортқа деген қызығушылығына жол ашылып, қысқы спортқа аз да болса жарнама ретінде жүреді. Оған мысал ретінде фристайлдан әлемге қазақ елінің атын танытып жүрген Жанбота Алдабергенованың осы спортқа келуі Алматыдағы Азия ойындарында болып жатқан фристайл ойындарын тамашалаудан басталғанын атап өтейік. Қысқы Универсиада жаңа спортшылардың атын шығарып, болашақ Олимпиада чемпиондары үшін спорт айдынына жолдама беріп кетуі де әбден мүмкін.

Сондай-ақ осы Универсиадада алғаш рет допты хоккей ойыны тізімге қосылды. Универсиаданың қожайыны ретінде еліміз қалап отырған қысқы ойын түрі ретінде бұл шешім қабылданды. Алдағы Олимпиада ойындарына кіруге үмітті бұл спорт түрінен Қазақстан ешкімге есе жібермейді. Әлем чемпионатының алты дүркін қола жүлдегерлері. Дегенмен, бұл спортпен айналысатын жастар саны аз. Әрі Орал қаласында жалғыз ғана клубымыз бар. Осы Қысқы Универсиадағы мүмкіндікті пайдаланып, допты хоккейдің мерейін үстем еткеніміз жөн. Қарап отырсақ, Қысқы Универсиаданың берері мол: елімізді әлемге танытады, қысқы спортты жарнамалайды, жеткіншектерді спортқа тартады, спортпен кәсіби деңгейде айналысуға мүмкіндік беретін нышандар пайда болады. Сондықтан мемлекет шешім қабылдап отырған шараның пайдалы жақтары көбірек екенін мойындағанымыз дұрыс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или