Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы елге орала ма?

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы - баскетболшы Әлжан Жармұхамедов. Ұзақ уақыт бойы тарих қойнауында жатқан шындық таяуда ғана белгілі болды. Ірі денелі баскетболшы жетпістің екеуіне келсе де әлі ширақ, сөзіне берік. Жарты ғасырға жуық ғұмырын Мәскеу қаласында өткізген Әлжан Жармұхамедов Отанына келді. Сұхбаттасудың мүмкіндігі туғанда, «PROСПОРТ» тілшісі қойын дәптері мен қаламын алып чемпионмен кездескен.

<o:p></o:p>

Жетістіктері:

Олимпиада чемпионы 1972

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері-1976

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1978

Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1970

КСРО біріншілігінің жеңімпазы: 1970-74, 1976-80

КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері: 1975

Еуропа чемпионы : 1967, 1971, 1979

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1975

Универсиада ойындарының жеңімпазы-70

Еуропа чемпиондары кубогының иегері-71

- Әлжан Мүсірбекұлы, туған жеріңіз, отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Баскетбол деген спорт түріне қалай келдіңіз?<o:p></o:p>

- 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Табақсай ауылында дүниеге келдім. Сол жерде мектепті 1961 жылы аяқтадым. Шіршік зауытында екі жылға жуық жұмыс істегенім бар. Спорт және мәдениет институтының жаттықтырушысы мені байқап мені зауыттың баскетбол құрамасына шақырды, алайда мен физикалық тұрғыдан әлсіздеу болғандықтан зауыттағы жұмысымнан кейін жаттығуға баруға шамам келмейтін. Баскетболдан қол үзіп қалғанымда жаттықтырушы қыр соңымнан қалмай қайтадан икемге келтірді. Бойы екі метр, салмағы 73 келі болған спортшыны Ташкенттегі ФизМәдениет Институты қуана қабылдады. Ал 1962 жылы менің спорттағы мансабым басталды. Тура төрт жылдан кейін Кеңес Одағының құрамасына шақырту алдым. Сонымен қатар ЦСКА командасында өнер көрсете бастадым. Мәскеулік ұжыммен бірге КСРО чемпионатын он рет ұттым, бір мәрте күміс медаль еншіледік. 1970 жылы КСРО құрамасы сабында Универсиада жеңімпазы атандық, сосын екі рет Олимпиада ойындарына, төрт мәрте Еуропа чемпионатына қатыстық.<o:p></o:p>

Мюнхен Олимпиaдасындағы жеңісті сәт

- Сіз чемпион атанған Мюнхен Олимпиадасы жайлы айтып өтсеңіз.<o:p></o:p>

- Олимпиаданың есте қалар бір тұсы, ол фашизммен тікелей байланысты Германия жерінде өтуі еді. Ол жерге барғаннан соң КСРО-ның намысын аяқ асты етпеуіміз керек еді. Америкалықтар бұған дейін барлық Олимпиадаларда жеңіске жеткенін. Мюнхенде де дәл сол жағдай қайталанды. Олар тобындағы барлық қарсыластарын оңай ұтты. Ал біз өзіміздің тобымыздан бірінші орын алдық. Осылайша финалда КСРО мен АҚШ құрамалары күш сынасты. Өте қиын өткен матч. Есте қалғаны, соңғы үш секунды. Иван Едешко бүкіл алаңнан жүгіріп өтіп, Александр Беловтың жеңісті доп салуына көмек берді.<o:p></o:p>

- Ұзақ уақыт бойы балуан Жақсылық Үшкемпіров қазақтан шыққан тұңғыш Олимиада чемпионы деп саналып келді. Тарихи ақтаңдақты қалай орнына қоя алдыңыз?<o:p></o:p>

- Кеңес заманы кезінде Қазақстанда «Лениншіл Жас» деген газет шығып тұратын. Сол басылымда Талғат есімді журналист қызмет жасайтын. Ол мен туралы алғашқы мақала жазған. Мәскеуге келгенде менің қазақ екендігімді қайдан білгендігін айтып берді. Жазғы уақытта ауылға барып жұмыс істеп жүрген кезінде мәскеулік бір кісімен әңгіме-дүкен құрыпты. Сөзден сөз шығып, ақыр соңы Үшкемпіров жайлы әңгіме өрбіген екен. Орыс жігіті: «Сендер, қазақтар, өте жамансыңдар, өздеріңнің тарихтарыңды білмейсіңдер» деген болу керек. Таңырқаған Талғат бұлай деуінің себебін сұрапты. Сонда жаңағы орыс жігіт қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов деген. Кейіннен Талғат бұл істі өз қолына алып, тексеріс жүргізіп, менің қазақ екеніме көз жеткізді. Тәуелсіздік жылдары «Айқын» газетінің тілшісі Мәскеуге келіп, мен туралы мақала жазған. Артынша Қызылорда Институтының ректоры бұл мақаланы оқып, Қазақстан бокс Федерациясының президенті Дәйірбековпен бірге Мәскеуге келді. Мені Қазақстанға оралуымды өтініп, Алматыдан үй алып беруге тырысқан. Бірақ пәтір алу қиын болды.<o:p></o:p>

Әлжан Жармұхамедов — суретте екінші қатарда, сол жақтан төртінші.

- Қазақстанға қайта оралғыңыз келмей ме?<o:p></o:p>

- Қазір оралуға кеш болып кетті. КСРО ыдырағаннан кейін қаржылық қиындыққа байланысты Қазақстанға келе алмадым. Одан кейін Отаныма тек 2004 жылы ат басын бұрдым. Туған жеріңді сағыну қалай екендігін сол кезде түсіндім. Түсіме ауылым кіріп, сағынышты әрең басатынмын.<o:p></o:p>

- Алматылық «Буревестник» командасына екі мәрте ауыспақ болыпсыз. Алайда Алматыға бір себептермен келе алмадыңыз...<o:p></o:p>

- Ол кезде команда ауыстыру үшін КСРО баскетбол федерациясынан рұқсат алу керек болатын. Қазақстан мен Өзбекстан баскетбол қауымдастықтары арасында мен үшін талас туды. Соңында, Өзбекстан федерациясы жеңіске жетіп, мені жібермей қойды. Екінші мәрте 1977 жылы келген едім. Жарты жыл бойы СКА Алматы клубында қызмет істеп, Мәскеуге, отбасымның жанына қайта оралдым.<o:p></o:p>

- Спортта сіз ең биік жетістіктерге жеттіңіз. Құпиясы неде?<o:p></o:p>

- Мүмкін еңбектің жемісі шығар. Онымен қоса, менің баскетболға жақсы икемім болды.<o:p></o:p>

Әлжан ағаның мойнындағы медаль - 1970 жылы Италияда өткен жазғы Универсиада ойындарының алтын жүлдесі. Яғни, Әлжан Жармұхамедов қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы ғана емес, тұңғыш Универсиада чемпионы да.

- Ойыншы мансабын аяқтаған соң Германдиядағы Кеңес әскері тобының жаттықтырушысы болыпсыз. Бұл қалай болды?<o:p></o:p>

- Әскери спортшылар үшін бұл қалыпты жағдай. Сол жерде офицер шенін береді. Германияда бапкерлік қызмет ұсынды – мен келістім.<o:p></o:p>

- Қазақстан мен Ресей баскетболының айырмашылығы неде?<o:p></o:p>

- Ресейде Қазақстанға қарағанда баскетболға назар да, қаржы да көбірек бөлінеді. «Астананың» ойынын теледидардан, мүмкіндік болса тірідей көруге тырысамын. Деңгейі төмен шетелдік ойыншыларды алған, жергілікті спортшылардың да дайындығы нашар. 20-30 ұпай айырмашылығымен ойсырай жеңілгенде жүрегім ауырады.

Сұхбаттасқан Айбар РЫСДӘУЛЕТ

<o:p></o:p>

Драмаға толы АҚШ пен КСРО құрамалары арасындағы матч. 50:51 есебімен соңғы 3 секундта кеңес спортшылары чемпиондықты жұлып алады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или