Фабрегас «Барселонаға» оралу мүмкіндігі туралы айтты

Фабрегас «Барселонаға» оралу мүмкіндігі туралы айтты

«Комоның» бас бапкері Сеск Фабрегас «Барселонаға» оралу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беріп, каталониялық клубқа деген көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 жастағы маман ұзақмерзімді жоспар құруды ұнатпайтынын және қазір Италиядағы жұмысына басымдық беретінін айтты.

«Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін. Болашақ туралы көп ойлану жақсы нәтижеге сирек жеткізеді. Мен «Барселонада» өстім, клубтағы барлық адамды танимын. Бірақ алдағы уақытқа болжам жасағым келмейді. Қазір дамуын жалғастырып жатқан «Комода» атқаратын міндеттерім көп», – деп келтіреді Фабрегастың сөзін TNT Sports Mexico.

Сонымен қатар бапкер каталониялықтардың бірде-бір матчын жібермейтінін мойындады. Тіпті АЕК-ке қарсы кездесуге дайындық кезінде де «Барселонаның» ойынын тамашалаған. Сол сәтте көмекшілері оған жұмысын еске салуға мәжбүр болған.

Фабрегас «Барселона», «ПСЖ» және «Баварияны» қазіргі футболдағы ең үздік командалардың қатарына қосты.

Испаниялық маман 2011-2014 жылдары каталониялық клубтың намысын қорғаған. Ал бапкерлік мансабын 2023 жылы «Комода» бастады. Оның жетекшілігімен италиялық команда өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Қазіргі таңда «Комо» 12 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде үшінші орында тұр. Команда келесі кездесуін 9 желтоқсанда «Бетиске» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама