Винисиус үш айлық голсыз сериясын тоқтатып, Пушкашты қуып жетті

Винисиус үш айлық голсыз сериясын тоқтатып, Пушкашты қуып жетті

Мадридтік «Реалдың» бразилиялық қанат ойыншысы Винисиус Жуниор үш айға созылған голсыз сериясын тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында нидерландтық ПСВ-ға қарсы кездесудің 87-минутында гол соқты. Матч мадридтік клубтың 5:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Бұл Винисиустың биылғы маусымдағы екінші голы болды. Ол соңғы рет 26 тамызда Испания чемпионаты аясында «Реал Сосьедадқа» (4:1) қарсы кездесуде мергендігімен көзге түскен. Содан бері бразилиялық футболшы 11 матчта гол соға алмаған.

ПСВ қақпасына соққан голы 26 жастағы шабуылшының Чемпиондар лигасындағы «Реал» сапында соққан 35-голы болды. Осы көрсеткіш бойынша ол аты аңызға айналған Ференц Пушкашты қуып жетіп, клуб тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде бесінші орынды бөлісті.

Олардың алдында Криштиану Роналду (105), Карим Бензема (78), Рауль (66) және Альфредо ди Стефано (49) тұр.

Винисиус Жуниор 2018 жылы «Фламенгодан» «Реалға» ауысқан. Содан бері мадридтік клубпен 14 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде Испания чемпионатының үш және Чемпиондар лигасының екі титулы бар.

Бразилиялық футболшының клубпен келісімшарты 2032 жылдың жазына дейін жарамды. Трансферлік құны 130 миллион еуроға бағаланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама