ҚХЛ-да тағы бірнеше бас бапкер қызметінен кетуі мүмкін
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) бірнеше клубын жаттықтырған Андрей Назаров тұрақты чемпионаттағы жағдайға баға беріп, алдағы уақытта бапкерлер арасында жаңа өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның пікірінше, турнирлік кестедегі жағдай біртіндеп айқындала бастағанымен, плей-офф жолдамалары үшін күрес әлі де қызу жүріп жатыр.
«Турнирлік кестедегі жағдай біртіндеп айқындалып келеді. Дегенмен бәрі шешілді деп айтуға әлі ерте. Командалардың өз орындарын өзгертуге мүмкіндігі бар. Оның үстіне чемпионатта күтпеген нәтижелер де аз емес. Сондықтан алдағы бәсекелер қызықты болмақ.
Батыс конференциясында плей-оффқа шыға алмайтын үшінші команданың кім болатыны шешіліп жатыр. Ал Шығыста жағдай басқаша. Мұнда әзірге айқын аутсайдерлерді бөліп көрсету қиын.
Бапкерлердің қызметінен кетуіне келсек, мұндай жағдайларсыз маусым өтпейтіні белгілі. Кейбір шешімдер күтілген болса, енді біреулері тосын жаңалық болды. Менің ойымша, жақын арада ҚХЛ клубтарында тағы бірнеше бапкерлік ауыс-түйісті көреміз», – деді Назаров «Чемпионат» тілшісі Павел Панышевке берген сұхбатында.