Франция Түркияны жеңіп, Ұлттар лигасының ширек финалына жолдама алды

Франция Түркияны жеңіп, Ұлттар лигасының ширек финалына жолдама алды

Франция құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчта Түркияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудегі есеп 49-минутта ашылды. Түркия құрамасының қорғаушысы Эмирхан Топчу допты өз қақпасына бағыттап алды.

80-минутта Эли Жуниор Крупи Францияның басымдығын екі допқа жеткізді. Ал 90-минутта Абдюлкерим Бардакджи есеп айырмасын қысқартқанымен, түріктер жеңілістен құтыла алмады.

Осы жеңістен кейін Франция құрамасы 13 ұпай жинап, А1 тобында бірінші орын алды және Ұлттар лигасының ширек финалына жолдама иеленді.

Ал алты кездесуде бірде-бір ұпай жинамаған Түркия құрамасы топта соңғы, төртінші орынға тұрақтады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама