Усман Нурмагомедов бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Усман Нурмагомедов бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ресейлік файтер Усман Нурмагомедов грузиялық Мераб Двалишвилиге шабуыл жасады деген күдікке байланысты бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе шамамен 2700 доллар көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

БАӘ-нің қылмыстар мен жазалар туралы федералдық заңының 390-бабына сәйкес, мұндай әрекет үшін аталған жазалар қарастырылған.

Бұл бап бойынша іс қозғау үшін Мераб Двалишвилидің арыз жазуы міндетті емес. Оқиға түсірілген бейнежазбалардың өзі тергеуге негіз бола алады.

Қазіргі уақытта полиция Усман Нурмагомедов пен жанжалға қатысқан басқа да адамдардан жауап алып жатыр. Егер құқық қорғау органдары ресейлік спортшының кінәсін дәлелдесе, оған тиісті жаза қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар заңның 392-бабына сәйкес, үш немесе одан да көп адамның бірігіп шабуыл жасауы жазаны ауырлататын мән-жай болып саналады.

Еске салайық, 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде жанжал шыққан еді. Жеңіл салмақта (70 келіге дейін) PFL ұйымының қазіргі чемпионы, кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген Усман Нурмагомедов пен оның командасы UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилиге шабуыл жасады деген ақпарат тараған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама