«Жеңілсе, жанкүйерлердің көңілі қалады». Гаджиев Шара Буллеттің Адесаньямен жекпе-жегі туралы айтты

«Жеңілсе, жанкүйерлердің көңілі қалады». Гаджиев Шара Буллеттің Адесаньямен жекпе-жегі туралы айтты

Белгілі промоутер Камил Гаджиев ресейлік Шарабутдин Магомедов пен Исраэль Адесанья арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Шара Буллет үшін бұл кездесу үлкен сынақ болмақ. Егер ресейлік файтер UFC-дің орта салмағында чемпиондық белбеуге таласқысы келсе, Адесаньяны міндетті түрде жеңуі керек.

Гаджиев нигериялық спортшының соңғы уақытта бұрынғыдай нәтиже көрсетпей жүргенін атап өтті. Дегенмен Адесанья әлі де қауіпті қарсылас әрі UFC-дегі танымал есімдердің бірі болып қала береді.

«Егер Шара чемпиондық атаққа үміткер болғысы келсе, қазіргі Адесаньяны жеңуі тиіс. Шынын айтқанда, Исраэльдің нәтижелері төмендеп кетті. Бірақ ол әлі де мықты әрі танымал файтер. Магомедов үшін бұдан жақсы қарсылас табу қиын. Тіпті оған қызығамын, бұл – өте сәтті ұйымдастырылған жекпе-жек. Шара Буллет жеңіске жетуі керек. Егер жеңілсе, көпшілік одан қатты көңілі қалады. Адесанья үшін де бұл жаман кездесу емес», – деді Гаджиев MMA.Metaratings.ru сайтына.

Айта кетейік, Шарабутдин Магомедов пен Исраэль Адесанья арасындағы жекпе-жек 5 желтоқсанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін UFC Fight Night 295 турниріне жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама